#qyzylordatv

Байқоңырда Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі аталып өтті. Тұрғындар жеңісті жақындатқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, құрмет көрсетті.

 Соғыс салған сызат сексен жыл өтсе де ел жадынан өшкен жоқ. Отан үшін от кешкен жандардың есімін ұлықтау кейінгі ұрпақтың қасиетті борышы. Байқоңырлық тұрғындар жеңіс күніне арналған салтанатты шаралар легін тағзым етуден бастады.

 ҚАЙРАТ НҰРТАЙ –ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙҚОҢЫР КЕШЕНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тілші: Қан майдандағы сарбаздар ақтық демі қалғанша айқасса, тылдағы еңбек те толас тауып көрген жоқ. Қазір Байқоңыр қаласы мен Төретамның төңірегінде 33 тыл ардагері бар. Мерейлі мезетті еңбек майданының майталмандарына мерекелік медаль табысталды.

 ҚҰТТЫҚИЯ ӘБИБУЛЛАЕВ – ТЫЛ АРДАГЕРІ ///3 кластан бастап жұмыс істедік. Отақ отадық. Алажаздай жұмыс істейміз. Қиыншылық заман. Таршылық заман. / Бейбітшілік шүкір жақсы ғой. / егемендігімізді нығайтып, балдарды өсіріп-өндіріп қызығын көрсек дейміз.

 АҚЗИПА ЖАЛИЕВА – ТЫЛ АРДАГЕРІ /// ақжар деген жерде жұмыс істедік.

 Достықты ту еткен «жұлдызды қалашықтың» халқы қос елдің мемлекеттік туына құрмет көрсетті. Содан соң, «Жеңіс парадын» тамашалады. Айтулы шараға Ресей Федерациясы мен еліміздің құқық қорғау саласының қызметкерлері және жас ұландар қатысты. Сондай-ақ, «Ұлы жылдарға бас иеміз!» атты театрландырылған әдеби-музыкалық қойылым көпшілік назарына ұсынылды.

 КОНСТАНТИН БУСЫГИН – БАЙҚОҢЫР ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІҢ БАСШЫСЫ // біз батыр бабаларымыздың ерлігі ұмытылмайды. Бейбіт өмір мен ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген жанкешті жанкешті ерлігі мен еңбегі жадымыздан ешқашан өшпек емес. Сындарлы сәтте кеудесін оққа тосқан батырларға айрықша құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың перзенттік парызы.

Жеңіс күні – бейбітшілікті сүйетін бүкіл адамзаттың қасиетті де қастерлі мерекесі. Тыныштықты тарту еткен ерлерге қашанда құрмет ерек. Жеңіс күнін ұлықтауға арналған тағылымды шара қалалық саябақта жалғасты. Көпшілікке жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарламасын ұсынды.