«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қызылордалық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жыл басынан бері 646 жоба қаржыландырылды, "Qyzylorda" деп хабарлайды телеарнасы.

«Даму» қорының кепілдік беруінің арқасында «Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 6 пайыздық мөлшерлеме көлемінде несие алған. Бүгінде кәсіпорын мұздатылған фри өнімін шығарады. Зауыт толықтай автоматтандырылған.

МҰРАТ СӘРСЕНБАЕВ - КӘСІПКЕР

"Биыл «Абай-Дәулет» мекемесі 600 млн теңгені құрайтын фри зауытын құрдық. Өзіміз картоп егіп, оны әртараптандыру жұмыстарын да жүргізіп жатырмыз. Зауыттың қуаттылығы сағатына 300 кг. Ал, тәулігіне 5 т. «Даму» мекемесінің арқасында 75 млн-дай, оған дейінде біз қор арқылы көптеген қолдаулар көріп келеміз."

АЙДОС ЖЫЛҚАЙДАРОВ - «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АК АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

"Бүгінгі таңда облысымызда кәсіпкерлер саны артып келеді. Кәсіпкерлердің кәсібіне бірден-бір үлес қосып келе жатқандардың бірі – «Даму» қоры. «Бизнесті қолдау және дамыту» бағдарламасын жүзеге асырып бастағаннан бері облыс бойынша 6 мыңнан астам жоба «Даму» қоры тарапынан қолдау көрсетілді. «Даму» қоры тарапынан көрсетілген әрбір жоба өңіріміздің дамуына, өркендеуіне және жаңа жұмыс орындарын ашуына үлес қосып келеді. Қалған жобаларды жүзеге асыру мақсатында тағы 6,6 миллиард теңге қарастырылған."