Еліміздегі қалалардың тұрақты даму жолдары мен тәуекелдері топшыланды. Сенаттың Қоғамдық жобалық кеңсесінің мұрындық болуымен құрылған сарапшылар тобы, екі ай бойы зерттеп-зерделеген жұмыс нәтижесін ұсынды.
Қай заңнамаларды жетілдіру керектігі талқыланды. Әлеуетті салалар айқындалып, орнықты дамуға қолбайлау болып отырған кедергілерді анықтау жолдары пысықталды. Онда еліміздегі денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы мәселелермен қоса, экономикалық өсу және қалалардағы өзгерістер есепке алынған.