Жыл басынан бері облыстық прокуратура 2700-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғаған. Кәсіпкерлер мен инвесторлардың мәселелеріне назар аудару үшін облыстық прокуратура «Ашық есік күнін» өткізді.

Шара барысында бизнес өкілдері жұмыс барысында кездесетін кедергілер бойынша ақыл-кеңес алды. Айта кетейік, облыстық, аудандық прокуратурада кәсіпкерлерге қолдау шараларын іске асыру үшін тәулік бойы жұмыс жасайтын мобильді топтар ұйымдастырылған. Нәтижесі де жоқ емес. Жыл басынан бері мобильді топтардың көмегімен 64 шағым қаралып, оның 12-сі қанағаттандырылған. 22 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылса, 11 кәсіпкерге тиесілі 25 миллион теңге өндірілді.

НҰРБОЛАТ ДҮЙСЕНБАЕВ – ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Кәсіпкерлерге және инвесторларға «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Бұл шараға 40-қа жуық кәсіпкерлер келді. Кәсіпкерлікті қолдау прокуратураның басым бағыттарының бірі. Бүгінгі күні 700 миллиардтан астам 10 жоба сүйемелденіп, қолдауын тапты. Мысал келтіретін болсақ, табиғи монополияларды реттеу департаментімен үлкен инвестор «Шалқия Цинкке» негізсіз әкімшілік айыппұл салу деректері анықталды. Прокуратураның араласуынан кейін қадағалау актісі, әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тоқтатылды. Нәтижесінде 112 миллион теңге айыппұл салынуынан босатылды.