Қалада «Хюндай Элентра» автокөлігін тізгіндеген 23 жастағы жүргізуші қулыққа барған. Ол көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып, жылдамдық режимін бұзып, айыппұл төлеуден жалтарғысы келген.

Алайда, тәртіп сақшылары заң бұзған жүргізушінің жолын кесіп, жауапқа тартты. Сот қаулысымен жүргізуші бір жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамаққа алынды.