Қарулы Күштерді жоғары жауынгерлік әзірлікте ұстау маңызды. 55 те 47 әскери бөлімінің қызметкерлері бүгін ату алаңына барып, теориялық және тәжірибелік деңгейлерін шыңдады.

ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ

//Бұл ғасыр автоматы – АК-74. Дүние жүзінің 90 пайыз әскерінің негізгі қаруы болып есептеледі. Қарудың қуаттылығы 1 километр қашықтықтағы нысананың көзін жоюға қауқарлы. //

Жасыратыны жоқ, жауынгерлік дайындықтың жоқтығынан атқан оғымыз нысандан мүлт кетті. Ал взвод сержанты Ақылбек Асанбаев 100 метр қашықтықтан дөп тигізуде. Құралайды көзге атқан мерген дерсің.

АҚЫЛБЕК АСАНБАЕВ – 5547 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ВЗВОД СЕРЖАНТЫ // Қаруды қолданғанда ауа райы ескеріледі. Желдің бағыты. Мысалға оң жақтан соғатын болса қаруды ату барысында, оны кішкене солға қарай ату деген сияқты деген тәсілдермен үйретіледі. Яғыни, нысананы көздеу барысында дәл көздеми қашықтыққа байланысты астынан көздеу. Яғни, бойлық фигураға тізесінен көздеу үйретіледі.

Әскери бөлімде қайсар қыздар да ерлермен тең қызмет атқарып жүр. Нұргүл Маусымбаева - қазақтың Әлиясы мен Мәншүгіндей мерген, Хиуаздай батыл. Әскери медициналық қызметкер атыс аймағында өзін еркін сезінеді.

НҰРГҮЛ МАУСЫМБАЕВА – 5547 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ // Бізде әрдайым ату жаттығулары жүргізіліп тұрады. Келгеннен бастап мергендікпен көзге түстім. Нәтижелерім әрқашанда жоғары 4-5. Әскери қызметкерлер арасында ату жаттығуы болды. Шымкент қаласына бардым. Ол кезде 2 орын алдым. 2022 жылы Алматы қаласында өтті. Онда 3 жаттығу өткіздік. 3 жаттығудан да үшінші орын алдым.

Кейіпкеріміз отбасы мен қызметті қатар алып жүр. Түрлі қиындықтарға қарамастан өз жұмысына сүйіспеншілікпен қарайды.

НҰРГҮЛ МАУСЫМБАЕВА – 5547 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ

//Ең бірінші келген кезімде бізде жиі тревога болады. Сол кезде азанда тұрып балаларымның тамағын дайындап жұмысқа шығамыз.Көбінесе таксиге мінгенде ер кісілер айтады. Сізге қиын емес па, ауыр емес па ер адаммен бірге жүруе деп. Әркім өз мамандығын сүйсе ешқандай преграда бомлайды деп ойлаймын. Отбасымның ешқандай қарсылығы жоқ. Балаларым әрқашан қолдайды.

ЕРЛАН ТҰРСЫНБАЕВ – 5574 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ РОТА КОМАНДИРІ

// Тек ғана мынау қарудың ату ғана түрімен қоймай, радио биологиялық-химиялық қорғану құралдарымен ату түрлері де бар. оның үстіне жүгіріп ату, дене шынықтыру сабақтары да үйретіледі. Және әр кезекшілікке түсер алдында қарумен қояын қолтық шайқас сабақтарын өткізеді. Бұдан бөлек келісім шарт бойынша әскер қызметшілерге, яғниарнайы жасақта арнайы техникалармен оқу жаттығу сабақтары өтеді.

Қазіргі таңда әскери бөлімде үш жүзге жуық сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Мұнан бөлек келісім шарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметкерлер бар. Сарбаздар сын сағатта сынып кетпеу мақсатында осылай үнемі оқу жаттығу өтуізіп тұрады.