Нағи Илиясов ауылындағы №132 Түймебай Айтбаев атындағы орта мектебінде «Мен таңдаған мамандық» атты іс-шара өткізіліп, шара аясында бітіруші түлектер телеарна жұмысымен танысты.

Экскурсияның мақсаты - оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға көмектесу. Шәкірттер телеарна тынысымен танысып, тікелей эфирдің қыр-сыры жайлы тың ақпараттар алды. Жаңалықтар жазылатын кіші студия жұмысы оқушылардың қызығушылығын тудырды. Жас түлектер арасында қолына қалам алып, ақпарат майданының қайнаған ортасында жүрсем дейтін шығармашыл жастар да бар.

ДІЛНАЗ АЛМАТ - ОҚУШЫ

//Мен жалпы болашақта,журналистика мамандығын таңдайтын болғандықтан, маған осы жаққа келген ең бірінші қызық болды. Сол үшін, осы жаққа келіп, осы жақтағы іс жоспарымен таныстық. Өте қызықты,өзіме ұнады.

ӘСЕЛ ӘБІЛОВА - №132 Т.АЙТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ

//Мамандық таңдау барысында мұғалім тарапынан оқушыға түрлі сілтеме жұмыстары жүргізіледі./01.23/Және біздің оқушылардың арасында шығармашылықпен айналысқысы келетін, шығармашылық мамандарға сұраныс болды. Сол себепті біз осында Қазақстан Қызылорда телеарнасына ашық есік күніне келдік. Бізде, оқушылар өздерін журналист ретінде сезініп,камера алдында қалай отыру керек, камераға қалай сөйлеу керек және дыбыс режиссері қалай жұмыс істейді. Оның барлығын көрермен халықты өзіне тартқанда қалай қызықты болып шығатынын, оқушылар осы жерде журналист жұмысымен танысты.//