Балалар әдебиетінің бәйтерегіне айналған Бердібек Соқпақбаевтың туғанына биыл 100 жыл толды. Біртуар жазушының айтулы мерейтойына орай Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Қазақтың дара жазушысы» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Жетімдік пен жалғыздықтан, жеңістер мен жеңілістерден тұратын тағдыры бар дара жазушының шығармаларынан монолог оқылып, ақын-жазушылар қаламгер туралы естеліктерімен бөлісті. Кеш қонақтары мен жас көрермен назарына жазушының өмір жолымен ұштасқан кең көлемді кітап көрмесі ұсынылды.

ҚАРШЫҒА ЕСІМСЕЙІТОВА – ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

Сонау Кеңес дәуірінің өзінде де қоғамға деген көзқарасын ашық айтқан қаламгерлердің бірі болған. Мұның өзін ол кісінің батылдығы, мінезіне біткен қайсарлық деп білеміз. 04:07 Неге, мысалы сіз балалар жазушысы болдыңыз, неге үлкен кісілерге де арнамадыңыз, деген сұрақтар қойылған. Сол кезде ол айтқан, үлкен кейіпкерлерімнің аузына салатын болсам ойымды, онда мен сол кезде ұсталып кететін ем. Ал балалардың аузына салған ол еленбейді. Баланың аузымен айтылғанға көбіне мән беріле бермейді. Бірақ ол өмірдің шындығы екені уақыт өте келе дәлелденеді дейді. 05:30 Енді мінекей, өзіміз көріп отырмыз ол кісінің шығармаларының өміршеңдігін. Ол кісінің қолтаңбасының мәңгілік екенін көрсетеді.