Аймақта су басу қаупі бар 29 учаске белгіленген. Сондықтан дария бойындағы қорғаныс бөгеттерін нығайтып, тасқынның алдын алу керек. Дарияның қазіргі жағдай қалай? Сірескен мұз қашан қозғалады? Айтып келмейтін апаттың алдын алуға азаматтық қорғаныс саласы қаншалықты дайын? Бұл сұрақтардың жауабын «Ортақ мәселе» айдарында тілшіміз Әкімжан Жолтаев Түркістан және жетісулық әріптестерімізбен бірге зерттеп көрді.