Қызылордалық құтқарушылар қарғын судан зардап шеккен Қостанай облысындағы ауылдарға жұмылдырылған. Кешелі бері олар су мотопомпасымен 22 398 текше метр суды тартып, 25 адамды қауіпсіз жерге шығарған. Оның екеуі бала.

Ал бұл бейнекадрларда Аманкелді ауылындағы шаруа қожалығының асыл тұқымды бұзауларын құрғақ жерге шығару сәті таспаланған. Аталған ауыл 27 наурызда тұтас су астында қалған. Қызылордалық құтқарушылар моторлы қайықтың көмегімен 110 бас малды су басқан аумақтан аман алып шықты.

МЕЙРАМБЕК ДОСПЕНБЕТОВ - ОБЛЫСТЫҚ ТЖД “ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ” РММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Қызылорда облысы ТЖД құтқарушылардың көмегімен Қостанай облысы Аманкелді ауданындағы қардың еруіне байланысты құтқару жұмыстары жүргізілуде. Ауданға қарасты жеке шаруа қожалықтарының асыл тұқымды бұзауларын қауіпсіз жерге шығару жұмыстары жүргізілуде».