Кадрлық ауыс-түйіс. Бірыңғай конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде, қала әкімінің өкімімен Жеңісбек Файзуллаев қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Жеңісбек Исламұлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде құрылыс мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2012 жылы қалалық құрылыс бөлімінде маман болып бастады. Одан кейін әр жылдары облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында бас маман, Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болды. 2022 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

Сондай-ақ, актив отырысында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жаңа басшысы таныстырылды. Енді бұл қызметті Әбсұлтанов Мұрат Байғабылұлы атқарады.

Мұрат Байғабылұлы Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» және «экономика» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын Қазалы аудандық №5 кәсіптік-лицейдің оқытушысы болып бастаған. Мұнан кейін әр жылдары Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, ал 2023 жылдан бастап осы кезге дейін Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің әкімі қызметін абыроймен атқарып келді.

 Шаһар басшысы Жеңісбек Файзуллаев пен Мұрат Әбсұлтановты мемлекеттік қызметте ысылған мамандар екенін атап өтіп, жауапкершілік жүгін абыроймен еңсеретіндеріне сенім білдірді.

СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ – ҚАЛА ӘКІМІ //Жеңісбек Исламбекті өздеріңіз жақсы білесіздер. Құрылыс саласындағы жаңа қызметіне кәсіби тәжірибесін жұмсап, қаланың көркейіп дамуына өз үлесін қосады деп сенім білдіреміз. Ал, Мұрат Байғабылұлы жауапкершілігі мол және жаңа қызметіңізге сәттілік тілейміз.//