Биыл елімізде Әділетті Қазақстан құруға ынталы, белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдардың басын біріктіру үшін «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры құрылды. Осы орайда қор өкілдері аймаққа арнайы келіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқыға салды.

Қазір қоғамдық қордың өңірде 230-дан аса жақтастары бар. Олар қордың манифесінде айтылған түйткілді мәселелерге үн қосып, бірлесіп жұмыс істеуге ынталы. Көшпелі кездесуде МӘМС жүйесіндегі проблемалар, маусымдық жұмысшылардың және мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғау жайы талқыланды. Қор өкілінің сөзінше, жұмыла жұмыс істегенде ғана қордаланған проблемалар өз шешімен табады. Жиында жұртшылық көтерген түйткілді тұстар қор тарапынан үкімет назарына ұсынылмақ.

ҚУАНЫШ ТАЙШЫБЕКОВ – «ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ» ҚҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Біз осы халықтардың ұсыныстарын алып, үкіметке береміз. Және өзіміз шешеміз деп ойлаймыз. +1:30-/ Жұмыс жайлы, жұмысында қандай заңсыздықтар болып жатыр Мысалы мен естідім Қызылордада кейбір кәсіпкерлер 30 пайых доплата жасамайды екен. Қызылорда облысы бойынша біздің өкіліміз Анар Изден сонымен бірге жұмыс істеп, оны әкімшілікке жеткіземіз деп ойлаймыз.