Негізгі Жаңалықтар Ұлт рухының жанашыры

Ұлт рухының жанашыры

#qyzylordatv 

Ұлттың рухын сақтау үшін кейде үлкен мінбердің керегі жоқ. Көне қолжазбаларды қаз-қалпында сақтап, жыршылардың үнін таспаға жазып, ақындардың есімін ұмыттырмаудың өзі ұлтқа жасаған қызмет. Сыр топырағынан түлеген сондай тұлғаның бірі – фольклортанушы, әдебиет зерттеушісі Мардан Байділдаев. Биыл ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген ғалымның туғанына 100 жыл. Осыған орай Студенттер сарайында «Ұлт рухының жанашыры» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.


Бөлісу