Негізгі Жаңалықтар Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

#qyzylordatv 

Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаевтің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 37-ші сессиясы өтті. Онда күн тәртібіне ұсынылған 6 мәселе талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. 


 Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы Маңғыстау облысында орын алған қайғылы жағдайға байланысты бір минут үнсіздікпен басталды. Мұнан соң алдағы 2 жылға арналған облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер жайы сөз болды. Яғни, мәслихат қарауына 18 млрд, 489 млн теңге қаржыны нақтылау ұсынылды. Айта кетерлігі, бұл бағдарлама әкімшілерінен үнемделген және пайдаланылмаған қаржы көзінен қалыптасып отыр. Сессияда депутаттар тарапынан көтерілген ұсыныстарға орай біршама өзекті мәселе қолдау тапты. Сондай-ақ, жиында облыс әкімдігі жанындағы бірнеше кеңес пен сайлау комиссиясының құрамын бекіту жайы пысықталды. Мұнан соң аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткішіне тоқталып, алда атқарар ауқымды жобаларды тілге тиек етті.

  

МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ  

 Алдымызда үлкен міндеттер бар. Солардың бәрін сапалы, уақытылы орындауымыз керек. Инвестиция мәселесі де жақсы болып жатыр. 789 млрд теңге жоспарланса, қазіргі таңда бізде 496 млрд теңге инвестиция құйылды. Жалпы, бұл жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Бюджетіміз қазір 811 млрд теңгеге жетті. Ол да сіздердің еңбектеріңіз. Сіздермен бірге іске асырған бастамалар дәлелі

Бөлісу