Волейболдан облыстық турнир өтті
#qyzylordatv
Облыс орталығында белгілі бапкер Татьяна Қабылбекованы еске алуға арналған волейболдан турнир өтті. Оған еліміздің 3 облысынан 12 команда қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды.
Татьяна Қабылбекова Сыр волейбол мектебін қалыптастырушылардың бірі әрі Қазақстаннан шыққан халықаралық дәрежедегі алғашқы әйел арбитр. Өңір спортын дамытуға айрықша үлес қосқан маман. Білікті бапкер талай жастың қанатын қатайтып, үлкен спортқа жолдама алуына септігін тигізді. Бүгінде тәжірибелі жаттықтырушының тәлімін алған спортшылар ұлттық құрама деңгейінде өнер көрсетіп жүр.
ИРИНА ҚАБЫЛБЕКОВА – Т.ҚАБЫЛБЕКОВАНЫҢ ҚЫЗЫ
Жыл сайын анамыздың құрметіне турнир ұйымдастырамыз. Жарыстың ауқымы артып келеді. Биылғы жылы Шымкент қаласының командасы келіп өнер көрсетті. Анамыз Қызылордада волейболдың дамуына ерекше үлес қосқан жан. Шәкірттері бүгінде облыс, республика құрамаларын дайындап жүр
Ерекшелігі сол дәстүрлі додаға биыл алғаш рет 50 жастан жоғары жас ерекшелігі қосылып, онда 60-қе жуық ардагер спортшы шеберлік байқасты. Командалар топ-топқа бөлініп, алдымен іріктеу кезеңінің ойындары өрбіді. Әр кездесу талас-тартысқа толы болды. Жарыста жеңіске деген жігерлік танытқан «Шымкент» құрамасы әдемі ойын өрнегін көрсетіп, турнирде топжарды. Ал, қыздар арасында қызылордалық бұрымдылар жеңіске жетті.
ГҮЛНИСА НАЗАРОВА – «ШЫМКЕНТ» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ
Жасөспрімідер арасында ойнап жүргенімде Татьяна Қабылбековамен таныстым. Ол кісі Қызылорда облысының аңызға айналған бапкері болатын. Кейін бірге жұмыс жасадық. Өте жайдары, мейірімді еді. Жыл сайын турнирден қалмауға тырысамыз. Биыл бағымыз жанып бірінші орынды орынды жеңіп алдық