Қызылордалық оқушыларға психологиялық семинар-тренинг өтті. Жобаның негізгі мақсаты - болашақ мамандықты жауапкершілікпен таңдауға балалардың ынтасын ояту, тұлға болып қалыптасуына көмектесу.

Іс-шараны ұйымдастырушы EQ білім академиясы баланың психологиясымен жұмыс істей отырып, талапкерге дұрыс бағыт-бағдар беруді көздейді. Сегіз ай бойы оқушыны зерттеп, болашаққа нық қадам жасауына көмек қолын созады. Осыдан үш жыл бұрын бастау алған бұл жоба қазірде едәуір сұранысқа ие.

ЖАЗИРА ТЕМІРБАЕВА - WISEFULL ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСМИ ӨКІЛІ,ПСИХОЛОГ

«Әлемдік тұрғыдан алып қарасақ 83 пайыз адам жәй таңдаған мамандығында істейді. Тек қана 17 пайыз адам өздерінің кәсібін сүйіп тұрып жасайды екен. Бұл өте төмен көрсеткіш. Бұның бәрі эмоционалды интеллектке алып келеді. Былай айтқанда жасөспірімдердің ертеңгі күні дипломдары бір жерде қалмай, шынымен мен осы адамзатқа пайдалы болғым келеді. Осы іспен мына саланы көркейткім келеді дейтін жасөспірімдер өскенін қаласақ әрине коучингтік тәсіл қолданған абзал».