Шиелілік кәсіпкер Нұрбол Есенов «Орда» атауымен қағаз майлықтар шығаруда. Тәулігіне 1000 қаптамаға дейін өнім шығаратын тұрғын нарықтағы баға кұнына да әсер ете бастаған.

Кәсіпкер қағаз майлықтарды дайындауға арналған жабдықтардың алғашқы бөлігін Қытайдан алдырса, одан соң Алматыдан керек-жарағын түгендеген. Қазір шағын цехта өзімен бірге үш адам еңбек етеді. «Күніне 1000 қаптамаға дейін дайындауға мүмкіндік бар»,- дейді ол. Әзірге 80 және 100 данадан екі түрлі үлгіде әзірлеп отыр. Оған қажетті шикізатты Өзбекстаннан алдырады. Жергілікті өнімге сұраныс та көбейе бастаған.