Облыста жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 19 құқық бұзушылық анықталып, 57 келіден астам есірткі тәркіленген.

Сондай-ақ, есірткіні жарнамалаған 80 сайт анықталып, бұғатталды. Бұған интернет желісіне мониторинг жасау нәтижесінде қол жеткізілді.

СЕРІК ТОҚТЫБАЕВ- ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қызылорда облысының полиция департаментінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы, Сырдария ауданының 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өзінің үйінде есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтап, қарасора өсірумен айналысқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу үшін «Түңгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, нәтижесінде 292 құқықбұзушылық фактісі тіркелген. Соңғы бір айда 68 ата-анаға әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған.

ЕРДӘУЛЕТ ЖАУКЕЕВ - ОПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Бүгінгі күні облысымызда өзекті мәселеге айналып отырған ол, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар болып табылады. Осыған орай бала тәрбиесіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп,жасөспірімдердің қатысуымен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу, жыныстық тиіспеушілік, алкоголь мен есірткінің зияны, ата-ананың бала тәрбиесіндегі және жасөпірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі тақырыбында мектептер мен колледждерде 605 рет профилактикалық кездесулер ұйымдастырылды.