614 мың азаматтың 210 миллиард теңге проблемалық берешегі қайта қаралып, ішінара немесе толық кешірілді. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы айтты.

Мәдина Әбілқасымова былтыр банктердің активтері 19,7 пайызға өссе, экономиканы кредиттеу 20,9 пайызға дейін ұлғайғанын хабарлады. Ал банктердің жұмыс істемейтін активтері – 3,1 пайыздан төмен. Агенттік 21 банкке қадағалау-бағалау жұмысын аяқтаған. Сондай-ақ, 400 млрд теңге көлемінде мемлекеттің қолдау қаражаты мерзімінен бұрын қайтарылған. Бизнеске берілген кредиттер 16,3 пайызға дейін ұлғайған. Азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғау үшін заңнамалық түзетулердің жаңа топтамасы да әзірленіпті. Президент Агенттік басшысына қаржылай тұрақтылықты қамтамасыз ету, нақты секторды кредиттеу аясын одан әрі кеңейту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.