Қызылордада мүгедектігі бар азаматтардың арбасын тегін жөндеп беретін ұйым бар. Ол «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы». Бірлестік мұнымен қоса мүгедектігі бар жандарға әлеуметтік көмек көрсетеді. Тілші бейнематериалында толығырақ.

 «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» 2022 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бірлестік мүгедектігі бар азаматтарды қолдау бағытында спорттық, мәдени іс-шаралар өткізумен қатар, оларға заңгерлік, психологиялық кеңес беріп, түрлі қызметтерді ұсынады. Тіпті мүгедектердің арбасы сынып қалса, тегін жөндеп береді.

МҰРАТ ІЗБЕНБЕТОВ - «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫ» ҚБ МҮШЕСІ

 үш жыл болды, осы инвасто әлеуметтік жобасы қызмет жасап келе жатқанына, коляска көбінесе дөңгелектен кетеді, алдыңғы дөңгелек көп жағдайда, сынып жатады, әр келген коляскаға байланысты, кейбіреулер уақыт алмай тез бітеді.

 САҒАТБЕК ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ - «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Мынау, бірінші топтағы тірек-қимыл бұзылған мүгедек адамдарға және мүгедек балаларға біз инватакси әлеуметтік жобасын көрсетеміз. Қала бойынша, бізде арнайы алты машина қамтылған. Оның бесеуі арнайы электроподёмнигы бар.Және де мүгедектігі бар жандарға арнайы қызметтеріміз бар. порталмен, еговпен жұмыс жасайтын компьютерлік қызмет бар. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде жыл көлемінде мүгедектігі бар жандар үшін мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып келеміз.Оның ішінде өнер байқауы бар, балаларды қуыршақ театрына, мүзейге апарамыз, көптеген спорттық шаралар бар.

 Айша Айтпенбетова үш жылдан бері қоғамдық бірлестіктің мүшесі. Ол бірінші топ мүгедегі. Орталықта тігін тігіп, түрлі қолөнер бұйымдарын жасайды.

АЙША АЙТПЕНБЕТОВА - «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫ» ҚБ МҮШЕСІ

Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер демекші, өз басым тігінді оқыған емеспін, тәмамдаған емеспін, дегенмен кішкентайымыздан шешеміздің тігін тіккенін көріп, құрақ тіккенін көріп өскенбіз, мына жерде құрақтар тұр, шәйнектің, пәрнектің астына қоятын, тәпішкі тоқимыз, копильниктер, шкатулькілер, Бұларды заказбен өткіземіз, әрі бір жағынан жәрмеңке, біздің осы мүгедектер қоғамында қолөнершілер арасында жәрмеңке өтеді, сол жәрмеңкеде халықтың қолжетімді бағасында өткіземіз.

Бірлестік өкілдері мүгедектігі бар азаматтардың ұсынысы мен мұң-мұқтажын тыңдап, оны шешу жолын қарастырады. Қамкөңіл жандардың жанына демеу болып, игі істерге атсалысқан олардың қатары да жыл өткен сайын көбейіп келеді.