Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автожол саласын дамыту және салаға цифрлық технологияларды енгізу мәселесі қаралды. Жиыннан соң облыс әкімі арнайы мәжіліс өткізіп, жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобалармен танысты. Күн тәртібінде көтерілген мәселе бойынша жауапты сала басшыларымен қала, аудан әкімдеріне тапсырма берді.
Өткен жылы өңірге мемлекеттік бағдарламалар аясында жол инфрақұрылымын дамытуға 44 млрд. 700 млн. теңге қаржы бөлініп, 300 шақырымнан астам жол жөндеуден өтті. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты. Ал, биыл 329 шақырым жол жөнделеді.
ЖӘНІБЕК СЫЗДЫҚОВ - ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ \ ағымдағы жылы жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 33 млрд. 500 млн. теңге бөлінді
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ \Жасалатын жұмыстың көлемі де қаржы да өткен жылғыдан кем болмау керек. Сапаға қатаң қарауымыз керек.
Жиында «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары сөз болды. Мамандардың айтуынша Жезқазғанның шекарасына дейінгі жол құрылысы қараша айына дейін толық аяқталып, ел игілігіне беріледі.
Облыс әкімі жол сапасына ерекше мән беруді тапсырды. Сондай-ақ аудан әкімдері мен тиісті сала басшыларына жол бойындағы тазалық мәселесіне ерекше назар аудару керектігін айтты.