Шиелі ауданында түрлі салада оң өзгерістер баршылық. Аймақта негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер өсім алып, жоспарланған бюджет шығыны толық орындалған. Шаруасы шалқыған ауданның тындырымды істері жайында аудан әкімі баспасөз жиынында айтты.

Былтыр Шиелі ауданында 66 млрд теңгеден аса өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Шағын және орта кәсіпкерліктің саны артып, 6 363 субъектіге жетті. Аймақта 7 инвестициялық жоба толықтай жүзеге асып, 127 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

  Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ауданда халық саны

86 мыңнан асқан. Оның ішінде экономикалық белсенді

36 501 адам бар. Оларды жұмыспен қамту мәселесі де өзекті.

 Денсаулық сақтау саласында да, жағымды жаңалықтар жетерлік. Ортақшыл, Әбділда Тәжібаев, Бестам, Тартоғай және Алмалы елді мекендерінде дәрігерлік амбулатория салынып, халық игілігіне табысталды. Бұдан бөлек, келер жылғы жоспар баяндалды.

 Биыл ауданда 9 ірі инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Бұл жобалар іске қосылғанда 233 адамды жұмыспен қамту көзделген.