Құрылысшы – құрметті мамандық. Қадамы жемісті, сәулеті келісті ғимараттардың Сыр елінде еңсе тіктеуі сол азаматтардың арқасы. Солардың бірі - Бақытбек Ертілеуов. Тақырыпты тілшіміз сабақтайды.

 Бақытбек Ертілеуов - еңбекпен есейгендердің бірі. Ботатірсек бозбала кезінен бейнеттің бел ортасында жүр. Жиырма жылдан бері құрылыс саласында жұмыс істейді. Шаршаған, шалдыққан кезі жоқ. Өйткені, өз қолымен шаһар шырайын арттырып, келбетін келісті етіп жатыр. Оның үстіне, ел де еңбегін ескеріп, үнемі алғысын айтады екен.

БАҚЫТБЕК ЕРТІЛЕУОВ – ҚҰРЫЛЫСШЫ

Үйлерің жақсы салынып, үй жылы деп мақтап жатады. Сол кезде көңіліміз бір көтеріліп қалады.Өзіңнің істеген еңбегіңе жұрт жақсы баға қойса, бір марқайып қаламыз.

Қазір қаланың қай бұрышына барсаң да, Бақытбектің қолтаңбасын табасыз. Бүгінде ол бүтін бір бригаданың басшысы. Қарамағында сайдың тасындай іріктелген қырыққа жуық құрылысшы бар. Соңғы он жылда олар облыс орталығында көпқабатты тұрғын үйлер мен білім ошақтарын салып, тұрғындарға табыстады.

 БАҚЫТБЕК ЕРТІЛЕУОВ – ҚҰРЫЛЫСШЫ

Осы сол жағалаудан көпірден түскеннен кейін ең бірінші бастадық. Шаңы бұрқырап жатқан кезде. Содан бастап қазір әйдік миркорайон болды. Осы мекемеде істеп жатқанымызға 10 жылдың көлемі болды. 10 үй салдық. 3 мектеп салдық. Осы кезде салып жатқанымыз 11-ші үйіміз.

Құрыш қолды құрылысшы қазір шәкірт тәрбиелеп жатыр. Жұмыс барысында көрген-білгенін кейінгі буынмен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтып отырады. Өйткені, құрылыс – ел экономикасының ең негізгі тірегі. Сондықтан бұл салада тоқтау, тоқырау болуы тиіс.