Кәсіптік білім саласының майталманы – Сексенәлі Рахановтың туғанына 80 жыл. Осыған орай «Сексенәлі Раханов – жұмысшы мамандарын даярлау жүйесінің негізін қалаушы» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.
Сексенәлі Раханов кәсіптік бағдар беру бағытында ұзақ жыл еңбек етіп, жұмысшы мамандар даярлау жүйесін қалыптастыруға үлес қосты. Еліміздің білім беру саласында өзіндік із қалдырған тұлға. Білікті маманның тәлімін көрген шәкірттері жетерлік. Сексенәлі Раханов шығармашылықпен ғана айналысып қоймай, қалам ұстаған қауымның да ортасынан табыла білді.
МАДИЯР АХМЕТОВ – С.РАХАНОВТЫҢ ӘРІПТЕСІ
«ағамыз осы кәсіптік саланың майталманы ретінде көптеген игі іс-шараның басы қасында болды. Соның бірі де бірегейі қазіргі мына Смағұл Ықсанов атындағы колледж бар құрылыс-бизнес. Міне сол колледжге сол кісінің аты берілуі сол кісінің бұрынғы еңбек жолының барлығын насихаттау мақсатында жасаған еңбегі, сонымен бірге сол кісінің атындағы кітап, бірнеше кітаптарды шығару осы Сексенәлі ағамыздың өзінің жетекшілігімен іске асты».
Майталман маман еңбек жолын құрылыс материалдары комбинатында бастаған. Осы салада әр жылдары қызметте сатылап өсіп, кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орны директорлары облыстық кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды. Ардақты ұстаз отбасында 5 бала тәрбиелеп, әулеттің тірегіне айналды.
НҰРЖАМАЛ РАХАНОВА – С.РАХАНОВТЫҢ ҚЫЗЫ
«біз кішкентайымыздан көргеніміз күні-түні осы кәсіптік білім саласына көп еңбек етті. күндіз жұмыста, түнде әдістемелік құралдарын жазатын. Сол кезден байқағанымыз әкем өте парасатты, мәдениетті кісі. Ол кез келген жерде адамдармен тіл табыса білетін. қазір барлығымыз әкеміздің еңбегін тағзым етеміз. Осы іс-шарада ат салысып жүрміз, осы әкемнің рухын көтеру мақсатында, ұрпағы ретінде осы істердің басында жүрміз».
Кәсіптік білім беру саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан ұстаздың құрметіне оқу орнында жаңа аудитория ашылды. Ұйымдастырушылар игі іс арқылы Сексенәлі Рахановтың сара жолын жас ұрпаққа үлгі етпек.