Еліміздің 9 облысы көктемгі су тасқынынан зардап шегуі мүмкін. “Қазгидромет” осындай болжам жасады. Сараптама кезінде ауа-райы, ылғал мөлшері, жердің беткі қабатының қату қалыңдығы ескерілген. Қауіп деңгейі үш санатқа бөлінген, соның ішінде Қызылорда облысы су басу қаупі төмен аймақ ретінде қарастырылып отыр. Дегенмен, синоптиктердің мәліметінше, ауа-райына байланысты қауіпті өңірлер тізімі өзгеруі мүмкін.
Бүгінде облыс аумағына секундына 461 текше метр су келіп жатыр. Арал ауданы аумағынан бастап Қызылорда су торабынан жоғары 75 шақырымға дейін мұз ұстасып тұр. Қалыңдығы солтүстік аудандарда 35 сантиметрге дейін жеткен. Жалпы облысы аумағында Сырдария өзеніндегі ахуал күнделікті бақылауға алынған.
МАРАТ ҚҰРМАНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Аймақта 29 су басу қауіпі бар аймақ бар. Оған 135 мекеме бекітілген. Оларда 410 арнайы техника және 1 234 адам күші бар. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қорлар қажетті көлемде қалыптастырылды. Оның ішінде 129,7 тонна жанар май, 95 110 дана қаптар және басқа да материалдар.
Сонымен қатар ықтимал су тасқыны кезеңінде халықты көшіру пункттері қарастырылған. Қазіргі күні 61 эвакуациялық жинақтау және 71 эвакуациялық қабылдау пункттері бар. Сондай-ақ, төтенше жағдайда халықты құлақтандыру үшін 57 сиреналық сөйлеу құрылғылары орнатылған.
МАРАТ ҚҰРМАНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жоба бойынша халықты жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, құлақтандырудың қазіргі заманғы жүйелерімен қамтамасыз ету үшін облыстың 124 елді мекенінде бірыңғай басқару пульті (Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне және облыс әкімінің қаладан тысқары басқару пунктіне) бар 167 сиреналық-сөйлеу құрылғысын және 1 цифрлық телеарналарға қосылу құрылғысын (перехват цифровых телерадиоканалов) орнату жоспарланған.
«Қызылорда облысының басқару органдары мен халықты кешенді құлақтандыру жүйесін құру» жобасы бойынша былтыр 350 миллон теңге қаржы бөлінген.