«Жылы жүздесу». Өнер орталығында «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, әнші Рауза Ысқақованың бенефис-концерті өтті.
Рауза Ысқақова - теңізді өлке түлеткен таланттың бірі. Биыл оның өнер өлкесіне қадам басқанына отыз жылға жуықтады. Сыр сахнасының сандуғашы Пернебек Сүлейменов, Қаракөз Ақдаулетова, Инаят Жарылқанов сынды ұлағатты ұстаздардың тәлімін алған. Сондықтан болар, оның ән қоржыны есті әндерге толы.
Рауза Сейдуллақызының бағындырған белесі аз емес. Айталық, 2002 Роза Бағланова атындағы байқауда лауреат атанып, ән падишасының ақ батасын алды. Содан бері талғампаз тыңдарманды тамаша әндерімен қуантып келе жатыр. Әнші көрерменмен араға 10 жылдай уақыт салып, көрерменмен қайта қауышып отыр.
РАУЗА ЫСҚАҚОВА – ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, ӘНШІ
Осы менің бенефис-концертім алғаш өтуі. Жылы жүздесудің шығармашылық кештен ерекшелігі мұнда біз халықпен тығыз байланыста боламыз. Әріптестеріме, мына келіп жатқан Сыр елінің халқына алғысым шексіз.
Жаңа форматтағы кеште «Қорқыт сазы» және «Ақмешіт» ансамблінің сүйемелдеуімен Рауза Сейдуллақызының репертуарындағы әндер шырқалды. Сондай-ақ, көрермен кеш иесімен сұқбат құрып, пікір алмасты.
Рауза қызымызды жақсы танимыз. Бүгінгі концертке келгенімізге өте қуаныштымыз.
Мен енді концертке көп келе бермейтінінмен. Өте жақсы өтіп жатыр. Менің көңіліме ұнады.
Ерекше форматта өрбіген бағдарламада филармония әртістері әншінің бай шығармашылығынан әндер орындап, халықтың құрмет-қошеметіне бөленді.