Қызылордада екі көлік соқтығысып, соның салдарынан үй іргесіндегі газ құбырын қирата жаздады. Абырой болғанда, темір құбыр тек майысып кетіп, жарылыстан аман қалды.

Оқиға бүгін сағат түскі 13:00 шамасында Манап Көкенов және Тұрмағамбет көшелерінің қиылысында орын алды. Жол-көлік апаты болған жерге дереу жедел-жәрдем қызметі мен тәртіп сақшылары шақырылды. Көлік жүргізушісінің бірі жеңіл жарақат алған. Оқиғаның мән-жайы анықталып, келтірілген шығын көлемі нақтылануда.