Өңірде екі лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктінің бірі басқарма басшысы. Ал, 22 мемлекеттік қызметші әкімшілік жазаға тартылған. Бұл мәліметтер облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылды.
НҰРЖАН АЛИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
// Нақты айтқанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Әділхановақа қылмыстық кодекстің 190 бабы, 3 бөлігі , яғни алаяқтық және Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Әбсаттаровқа қатысты қылмыстық істер қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексерулер жүргізілуде.
Лауазым иесі мемлекеттік қызметке кір келтірмеуі тиіс. Алайда, заңды белшесінен басып жүргендер бар. Мәселен, 2 мемлекеттік қызметкер масаң күйде, 4 лауазымды тұлға жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген. 11 мемлекеттік қызметші ұсақ бұзалықық жасаған. Ал, 3 қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамаған. Сонымен қатар, екі қызметшіге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіліне мұндай фактілерді болдырмау бағытында нақты шаралар қабылауды ұсынды.
ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ // Сіздің тікелей міндетіңіз. Күнделікті, ай сайын, апта сайын қарап, қай жерде болып қалды, барып кездесіп, осындай кейстерді басқа мемлекеттік органға апарып, мынадай факті орын алып жатыр деп. Әлеуметтік желіге мониторинг жасап //
Шенеуніктер шектен шықпау үшін түрлі іс-шаралар жүзеге асып жатыр. Ол үшін арнайы әдеп жөніндегі уәкілдер бекітілген. Олар жыл басынан бері 220 құқықтық оқыту мен семинар өткізген. Алайда, арасында өз жұмысына салғырт қарағандар да бар.
СӘКЕН ЖҰМАЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
// Кейбір мемлекеттік органдарда бұл бағыттағы шаралар төмен. Қызылорда қаласы әкімі аппараты, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясы, Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілдерімен бұл бағыттағы жұмыстар төмен.
Мұнан соң жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Қазалы ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарылған жұмыстары жөнінде есептері тыңдалды.