5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні. Айтулы мерекеге орай облыста тілдер апталығы өткізіліп жатыр. Апталық «Ғылымдағы ғұмырлар» тақырыбында ғалымдардың дәріс сағаттарынан басталды.

Тілдер мерекесіне арнайы өткізіліп жатқан шара Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада дөңгелек үстелмен жалғаспақ. Ал «Анаға тағзым» орталығында пікірсайыс турнирі ұйымдастырылса, Жастар ресурстық орталығында «Этно QUIZ» интеллектуалды сайысы өткізілетін болады. Сонымен қатар, барлық мекемелер мен ұйымдарда тілдер күніне арналған жиындар өтіп, тіл жанашырларына құрмет көрсетіледі. Барлық ауданда әдеби-танымдық кештер, жазба ақындар мүшәйрасы болады. Апталық 10 – қыркүйекте қорытындыланбақ.

РУСЛАН ҚАЮПОВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ// 6 қыркүйек күні Достық үйі ғимаратында «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты дөңгелек үстел, балабақшаларда «Тілді сүю – талбесіктен» атты акциясы, 7 қыркүйек күні балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Арбат» бойында аквагрим шарасы, 10 қыркүйек күні А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйінде «Рухани болмысты жаңғырту - ұрпақ ұлағаты» атты облыстық ділмар-шешендер байқауы өткізіледі.

АЛДАЖАР ӘБІЛОВ - ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ/ Мынау әлем тілдерінің ішіндегі ең қуатты, ең көркем,ең музыкалық ол қазақ тілі. Жаңа айтылып өтті, облыста үлкен жұмыстар атқардық. Яғни, осы жұмыстардың көбісі республикада осы Сыр топырағында бірінші жүзеге асып жатыр. Өзі тіл саясатын жүргізгенде тілді дамыту,тілді сақтау, тілді насихаттау сынды бағыттар арқылы өседі.