#qyzylordatv

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Есірткіге жол жоқ!» ұранымен акция ұйымдастырды.

Іс-шара барысында «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері есірткі жарнамалайтын граффити жазуларын өшірді. Тұрғындарға ақпараттық үнпарақтар таратып, түсіндірме жұмыстары жүргізді. Жастардың зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір салтын насихаттауға арналған мұндай акциялар алдағы уақытта да жалғасын табады.