#qyzylordatv

Қазақстан алдағы 3 жылда цифрлық елге айналу керек. Бұл Президенттің міндетті стратегиялық тапсырмасы. Тіпті ол үшін жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі де құрылмақ. Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауында цифрлық өзгерістерге кеңінен тоқталып, өзекті мәселелерді осы сандық технологиялар арқылы шешуге шақырды. Соған қатысты қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев пікір білдірді.

 ИБАДУЛЛА ҚҰТТЫҚОЖАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ \ Осы саланы дамыту үшін мықты мамандарды елге келтіріп, жұмыс жасату қажет деді. Сондай ақ осы саламен айналысатын институттарға ғалымдардың шоғырланып жұмыс жасауы үшін дербестік беру қажет,- деді. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шын мәнінде қоғамды алға қарай жылжытуда, халықтың әл ауқатын, тұрмыс жағдайын жасауда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда көптеген мәселелер бар. міне осы бағытта үлкен маңызды қадамдар жасалды\