#qyzylordatv

Арал ауданының тұрғыны Нұржан Іздібаев екі бөлмелі сарайын музейге айналдырған. Ерекшелігі сол мұражайда 80-90 жылдарда хит болған патефон, магнитофонның отыздан астам түрі бар. Жарты ғасырдан астам тарихы бар кебеже мен сандық, аса¬дал, диірмен секілді тұрмыста қолданған көне бұйымдарды да көзінің қарашығындай сақтап келеді. Көпшіліктің қызығушылығын тудырған ретро көрмені тілшіміз Әкімжан Жолтаев тамашалап келді.

 Музейдегі ең көне жәдігер 1735 жылы шыққан тиын. Бұл монета Ресей империясы дәуірінен қалған. Нұржанның мұражайында мұнан бөлек бірнеше елдің ақшасы бар. Сондай-ақ 1973 жылы жасалған шаңсорғыш, елу жылға жуық тарихы бар теледидар, 1950 жылы шахтерлер пайдаланған темір телефонға дейін қаз қалпында сақтаулы тұр.

НҰРЖАН ІЗДІБАЕВ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ \Өзімнің папамның жинаған теледидары мен патефоны бар. 1975-80 жылдарда шыққан. Көненің көзі. Мынау өзінің пайдаланған фотоапараты мысалы бұл 1970 жылы шыққан.Сол қызығушылықпен жиналған нәрсе. Таныстарым келіп, қызығушылықпен көреді. ..\

Нұржанның жәдігерлерді жинап жүргеніне екі жылдан асыпты. Бүгінде музей қорында мыңға жуық экспонат бар.

 НҰРЖАН ІЗДІБАЕВ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ \соның ішінде телефонның 65-70 түрі бар, ұялы телефонның 40 түрі бар, телевизордың 10 түрі бар. Мына жерде Аралдың газеті бар Толқын деген 1990 жылы шыққан. Сол көне газеттерді жинаймын. Сосын сағаттарды жинаймын 20 түрі бар енді. Таныстарым, достарым сыйлыққа береді. Қатты көңілім кетсе сатып аламын. Тикток желісінен көріп, сыйлық ретінде беріп жібереді \

 ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ \Ретро көрмеде музыкалық құрылғының отыздан астам түрі бар. Соның ішінде көзге ерекше түсіп тұрғаны мына романтика. Елу жылдан астам тарихы бар күйтабақтың басты ерекшелігі әлі күнге дейін жұмыс жасап тұр....инт өлең қосылады\

Нұржан тикток әлеуметтік желісінде жиі отырады. Көрерменге плас¬¬тинка мен таспаға жа¬зылған ретро әндерді ұсынып, 80-90 жылдарға саяхат жасағанды жақсы көреді. Ол алдағы уақытта жаңа ғимаратқа көшіп, музей жұмысын қолға алмақ.