#qyzylordatv

Семей қаласында 3-7 қыркүйек аралығында кикбоксингтен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Додада қызылордалық спортшылар табысты өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.

 51 келі салмақ дәрежесінде Нұрасыл Тілектесов фулл бағдарлама бойынша топ жарып, алтыннан алқа тақты. 57 келіде Диас Қарманов қарсыластарына дес бермей, лоу кик бағдарламасында чемпион атанды. Ал 63,5 келіде Аслан Болатов К-1 бағдарламасы бойынша күміс медаль иеленсе, осы салмақта Дамир Айдосұлы лоу кик бағдарламасында қола жүлдеге қол жеткізді. Қызылордалық спортшылардың бұл жетістігі өңірдің спорттағы абыройын асқақтата түсті.