#qyzylordatv

«Бір палаталы Парламенттің құрылуы еліміздегі саяси-экономикалық реформаларды жаңа деңгейге шығарады». Депутаттар осылай дейді.

 Олардың айтуынша, кейінгі жылдары дамыған елдердің көбі қос палаталық жүйеден бас тартып жатыр. Өйткені, бұл заң шығару процесін жеңілдетіп, қаржылай шығынды азайтады. Ал депутаттардың партиялық тізім бойынша тағайындалуы билік пен халық арасындағы байланысты нығайта түседі.

 БЕКБОЛ ОРЫНБАСАРОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ // Сенат өзінің негізгі міндетін атқарып шықты деп ойлаймын. Біз партиялық негізде жұмыс жасап білуіміз керек. Сонда ғана саяси-экономикалық реформаларды өткізе аламыз деп ойлаймын.

  АЗАТ ПЕРУАШЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ // Бұл шешім біздің саяси жүйемізді шынында демократиялық қағидаттарға сай келтіретін шешім. Біріншіден, біз уақытты үнемдейміз. Ол нағыз халық күтетін шешімдер болады деп ойлаймын. Президентке қол қоюға тікелей алып барамыз.

  НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ //Халыққа ғана жұмыс істейтін, жемқорлық жоқ, білімді, тәжірибелі, саланы білетін азаматтар келгені дұрыс. Мұны Бірталалы парламентте қамтамасыз етеді деп ойлаймын.