#qyzylordatv

Сиыр етінің келісі 5000 теңгеден асты. Осылай деген Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев, қымбатшылыққа алаңдаушылық білдіріп, оның шешу жолдарын ұсынды.

 Ол өз депутаттық сауалын Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдап, ұсыныстарын жеткізді. Ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру шараларын қайта қарауды, делдалдар мен алыпсатарлардың әрекетін шектеуді, ал фермерлерге өнімін еркін өткізуге мүмкіндік беруді сұрады.

 ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ //Бүгінде мал шаруашылықтарында 1 кг сиыр етінің өзіндік құны 2500 теңгені құрайды, ал бөлшек саудада бұл көрсеткіш 5000 теңгеге дейін өсіп отыр. Демек, фермерлердің табысы азайып, басты пайда алыпсатарлардың қолында қалуда. Бұны реттеуші Сауда министрлігі мен әкімдер қайда қарап отыр?//