#qyzylordatv
Мұстахим Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-ІТ жоғары колледжінде «Үздік дәнекерлеуші» кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Қазіргі таңда дәнекерлеуші мамандарға құрылыс саласында сұраныс көп және олар кез келген өндіріс үшін ауадай қажет. Сондықтан жұмысшы мәртебесін арттыруда байқаудың маңызы зор дейді ұйымдастырушылар. Бұл мамандықты игеру үшін техникалық біліммен қатар, үлкен ұқыптылық пен жауапкершілік қажет.
Екі кезеңнен тұратын сайыста қатысушылардың осалы болған жоқ. Алдымен олар металдың қасиеттері, дәнекерлеудің түр -түрі мен кәсіби терминдердің маңызы туралы теориялық сұрақтарға жауап берсе, екінші кезеңде темірден түйін түйіп, ыңғайына қарай июден шеберліктерін паш етті.
ІЛИЯС ҚАСЫМХАН - «QOSYL» ЖРО КЕҢЕСШІ МАМАНЫ // Қала әкімінің қолдауымен, қалалық жастар ресурстық орталығы және жастар ұйымдарымен ұйымдастырылып отқан жұмысшы мамандықтар жылы аясында дәнекерлеуге байланысты сайыс ұйымдастырылды. Осындай жарыстар жоспарда бар. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін және жоғары маман иесі болуға тілектеспін.