#qyzylordatv #заңментәртіп

Арал ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аймақты аралап, тұрғындармен кездесуде. Сондай-ақ, Ішкі істер органдарында есепте тұратын азаматтарды мекен-жайлары бойынша тексеріп, профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы шара қараша айына дейін жалғасады.

 НҰРТАЙ ТАСҚЫНБАЕВ, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ ЖПҚ БАСТЫҒЫ \Іс-шараның мақсаты азаматтармен учаскелік полиция инспекторлары тығыз байланыс жасап, тұрғын үйлерді, шаруа қожалықтарды аралап, азаматтардың тіркелмеген заңсыз қаруды анықтау болып табылады. Қазіргі таңда Арал ауданында 29 учаскелік полиция инспекторы бар. Оның он үші Арал қаласына бекітілген, қалғаны елді мекендерде. \