#qyzylordatv #тазақазақстан

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы жұмыстар елді мекендерде де жалғасып жатыр. Мәселен Шиелі ауданына қарасты бес елді мекенге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, көшелер күрделі жөндеуден өтуде. Тағы бірнеше ауылда абаттандыру жұмыстары жүйелі жолға қойылып, тұрғындардың үлгілі ісі көпшілікке дәріптеліп келеді.

 Ауылдарда алдымен инфрақұрылымды дамытуға мән беріліп отыр. Мәселен биыл «бес ауылда электр желілері мен трансформаторлар толықтай жаңғыртылып жатыр»,- деді аудан әкімі

АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ – АУДАН ӘКІМІ

// Ауыл ел бесігі бағдарламасы бойынша 5 елді мекенге 2 млрд теңге//

Тозығы жеткен электр желілері жаңғыртылған ауылдың бірі - Ақмая. «Осыған дейін жел тұрып, жаңбыр жауса, жарық жүйелері сыр беріп сарсаңға салатын» дейді тұрғындар. Биыл бұл мәселе толығымен шешіліп отыр.

 ҒАЛЫМЖАН БЕЙСЕНБАЕВ – АҚМАЯ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

//Көктем мезглінде «Таза Қазақстан» негізінде //

 Елді мекендегі Қирабай көшесінің бойынан ойын және шағын футбол алаңының құрылысы басталған. Қазір жер тегістеліп жатыр. Ол үшін жергілікті бюджеттен 22 миллион теңгеге жуық қаржы қаралыпты. Ойын алаңынан жанына жаттығу үшін жабдықтар да қойылады.

 Ал Ыбырай Жақаев ауылында биыл 10 көшеге асфальт төселіп жатыр. Құны 493 миллион теңгені құрайтын жобаны "Р и А" - Сервис ЛТД мекемесі жүзеге асыруда.

 Аяқ судан мәселе жоқ ауылдардың бірі – Жөлек. 300-ге тарта отбасы түтін түтететін елді мекенде 7 көше толық асфальтталған. Көшелерді жарықтандыру да шешімін тауып отыр. «Көктемде егілген 850-ге жуық көшеттің жетпіс пайызы көгеріп тұр»,- деді ауыл әкімі

 МЕЙІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВ – ЖӨЛЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

//Биыл ауылды көркейту көгалдандыруға 20 млн теңге//

Аудандағы әрбір елді мекен аумағында үнемі санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі. Қуантарлығы, бұл тек тапсырма жүзінде іске асырылып отырған жоқ. Тұрғындардың да талабы осы жауаптылар.