#qyzylordatv

Су тапшылығы - ырзық несібесін жерден жинаған шаруалар үшін ең өзекті проблемаға айналып отыр. Президент Халыққа Жолдауында осы мәселеге ерекше тоқталды. «Су үнемдейтін технологияны енгізу керек және бұл жұмысқа белгілі шетелдік компанияларды тартқан жөн,- деді. Аймақта осы бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда.

 Биыл облыс бойынша 186 мың гектардан астам жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның 75 мың гектарына су үнемдейтін технология пайдаланылған. Яғни, шаруашылықтар жерді лазерлік және спутниктік тегістеу, алқаптарды жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйесін қолданды. Ал, Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жергілікті климатқа бейімделген, суды аз қажет ететін, вегетациялық кезеңі аз күріш сортын сынақтан өткізуде. Техника ғылымдарының докторы Серікбай Өмірзақов суды реттейтін гидротехникалық құрылғыларды қолдану арқылы да жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатындығын айтады.

 СЕРІКБАЙ ӨМІРЗАҚОВ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР \біздің аймақта суды тиімді пайдалану, есепке алу бағытында австралиялық Рубикон компаниясының үлкен жетістіктерін, технологияларын пайдалану мүмкіншіліктері бар. Рубиконның технологияларын пайдалана отырып, суды үнемдеуге болады. Мен ойлаймын осы Жолдау осы бағыттарға тікелей жол ашады деп\

 Серікбай Ыдырысұлы аймақтағы барлық суару жүйелері күріш егістігіне арналып қазылған айтады. Сондықтан негізгі дақылдың көлемін азайтқаннан гөрі суды жоспарлап, үнемдеп пайдалану, өнімді көлемін арттыру секілді мәселені қолға алған дұрыс деп отыр.

 СЕРІКБАЙ ӨМІРЗАҚОВ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР \кейбіреулер суды көп пайдаланады оны азайту керек деген болмаса мүлдем алып тастау керек деген ой айтады. Бірақ біз бір нәрсені ұмытпауымыз керек. Мысалы, Шіркейлі каналының размерін көріңіздер қаншама росход жібере алады, сол тек күрішке есептелген. Егер басқа дақылдарға көшіп кетсек каналдың суын пайдаланудың мүмкіншіліктері жеткіліксіз болады. Әрине, оның көлемін судың жетіспеушілігне байланысты жоспарлау оны тиімді пайдалану, өнімді жоғарылату секілді мәселелерді қолға алу керек. Күріш екпесек деген жалпылама сұрақ қойсақ ол Арал теңізін катастрофасын құрлықта қайталану тәуекелдері туындайды. Сондықтан бірден жаппай күріштен кетіп қалу ұрандататын әңгіме емес \