Білім беру ұйымдарындағы асханалардың жәй-күйі, балалардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі жіті бақылауда болуы тиіс. Өңірде осы мақсатта арнайы комиссия құрылып, барлық мектептерде зерделеу жұмыстары басталды. Комиссия құрамында білім, денсаулық, санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен бірге «Әділдік» және «Өркендеу» қоғамдық қорының мүшелері бар.
Бүгінде облыстағы бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен түгел қамтылған. Ас мәзірін, тағамның сапасын, құрамын, сақталу мерзімін, асханалардың жай-күйін мектеп әкімшілігі жанынан құрылған бракераж комиссия мүшелері тексеріп тұрады. Ал, арнайы құрылған зерделеу тобы 10 қыркүйектен бастап барлық білім беру мекемелерін аралап, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын тексеріп жүр. Комиссия мүшелері бүгін Тәкей Есетов атындағы № 264 мектеп-лицейінде болды. Аталған мектептің асханасында екі ауысымда 2 мың бала тамақтанады.
АЙЖАН ҚАЙРАНБАЕВА, ЗЕРДЕЛЕУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ \Қазіргі таңда 264 мектепке келіп тұрмыз. Тамақтану сапасы стандартқа сай, тазалық сақталған. Ауысыммен балалар қамтамасыз етілген. ...\
ЖАҚСЫГҮЛ ТОҒАНОВА, ОБЛЫС БОЙЫНША БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ \білім беру мекемелерін 10 қыркүйектен бері зерделеп келе жатырмыз. Кемшіліктер бар. мысалы қойма жоқ, кейбір білім беру мекемелерінде ас мәзірін даярлайтын жерде ыдыстырдың қалай сақталуы керек жөнінде аз маз кемшіліктер анықталып жатыр. Әрине оны алдағы уақытта жақсартуға жұмыс жасайтындығын ескерттік\