Ақжолтай ақпар! Түркияның Анкара қаласында өткен тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатында сырбойылық спортшылар үш күміс жүлде жеңіп алды. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығы ұйымдастырған біріншілікке 14 елден 100-ге жуық ойыншы қатысқан.
Екі жылда бір болатын бәсекеде тоғызқұмалақтың классика, рапид және блиц түрлері бойынша ойындар өтті. Нәтижесінде классика бағытында Бексұлтан Бостандықов, ал, блиц түрі бойынша Ермұхамед Әлайдар мен Ақерке Кенжебековалар екінші орындарды еншіледі. Жүлдегер атанған үштік Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Хәкімжан Елеусіновтің шәкірттері.