Қызылордалық полицейлер 1 тәулікте мал ұрлығының 3 дерегін ашты. Бұл «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталып отыр.

 Қазір өңірде тәртіп сақшылары рейд жұмыстарын күшейтіп жатыр. Жедел іс-шара аясында мал тасымалының заңдылығын бақылау мақсатында облыс аумағында блок-бекеттер орнатылған. Олар тәулік бойы тексеру жұмыстарын жүргізеді. Халық арасында, сондай-ақ бақташыларға түсіндірме жүріп, тиісті ережелер жазылған жадынама таратылуда. Полицейлер оқыс оқиға орын алған жағдайда дереу «102» арнасы арқылы хабар беруді сұрайды.

 СЕРІК ТОҚТЫБАЕВ – ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

// іс-шараның бір күнінде облыс көлемінде бұрын жасалған мал ұрлықтарының 3 дерегі ашылса, ауыл шаруашылық жануарларын құжатсыз тасымалдаудың 7 дерегі, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзудың 12 дерегі, сондай-ақ ІІО-да тіркелмеген қаруды сақтаудың 1 дерегі анықталды. Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде мал ұрлығының тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда 49%-ға төмендеп отыр.