Қызылорда облысында экологиялық ағарту шаралары қарқынды жүруде. Арал теңізінің құрғаған түбіне 4 жылда 600 мың гектардан астам жерге сексеуіл отырғызылды. Биыл 211 мың га, 2025 жылы қалған 280 мың га аумаққа ормандандыру жұмыстары жүргізіледі.
«Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы ормандандыру жұмыстарына халықаралық ұйымдар мен ірі шетелдік компаниялар да кеңінен тартылуда», - деді өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев көшпелі ОКҚ баспасөз конференциясында.Арал теңізінің құрғаған түбін ормандандыру жұмыстары жалғасуда