Аймақ алғашқылардың бірі болып «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс орталығынан 900 оқушыға арналған мектепті ашты. Қазіргі таңда 6 мың орындық 9 мектеп салынуда, деді Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, құны 8 млрд 400 млн теңге болатын дарынды балаларға арналған 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының құрылысы жүргізілуде. Демеушілердің қаражатына Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы пайдалануға беріліп, музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Нысан 2025 жылы іске қосылады.