2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция сақталды

Өңір барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республика бойынша 1-орында. Өнеркәсіп өндірісі 0,8%, өңдеу өнеркәсібі 22,8%, ауыл шаруашылығы 3%, құрылыс жұмыстарының көлемі 50%, тұрғын үй 7,4%, көлік 3,5%, сауда 6,5%-ға өсті.

«Биылға жоспарланған 517 млрд 500 млн теңге инвестицияның 478 млрд 300 млн теңгесін 10 айда орындадық. Оның 74% – жеке инвестициялар. Бүгінгі күні облысымыздың бюджеті 744 млрд теңгеден асты. Осыдан екі жарым жыл бұрын аймақ бюджеті 364 млрд теңге болатын. Өсім 204,4 пайызды құрады. Бюджетіміздің 55,4 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. Облыстың даму бюджеті соңғы 2 жылда 3,6 есеге артты», - деді Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында.