Қалған 11 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 13 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде құны 11 млрд теңгені құрайтын 27 нысан салынуда.
«Облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы, онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың жүруде. Облыс тұрғындарының сұранысына сәйкес аймақтың барлық елді мекендеріндегі денсаулық сақтау ұйымдарына 245 санитарлық автокөлік алынып, халыққа қызмет етуде. Жаңадан облыстық Қан орталығы салынды. Алдағы уақытта Қызылорда қаласында 200 төсек-орынға арналған перинаталдық орталық құрылысы басталады», - деді Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында.