Су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 4 мың 400 гектарға жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге артық.
«Су шығынын азайтуда егістік жерлерді лазерлік тегістеудің маңызы зор. Соңғы жылдары диқандар 55 мың гектар күріш егістігін лазермен тегістеді. Нәтижесінде суды үнемдеп, өнімділікті 30 пайызға арттырды», - деді Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, биыл негізгі дақыл күріш 85 мың 600 гектарға егіліп, әр гектардан 58 центнерден өнім алынып, жарты миллион тоннаға жуық күріш жиналды.