Биыл аймақта 44 млрд 703 млн теңгеге 300 шақырымнан астам жол жөндеуден өтуде. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты. Бұл туралы ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті. Оның мәліметінше, 2022 жылы республикалық маңызы бар «Қызылорда -Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Облыс аумағындағы 216 шақырым жолдың биыл 140 шақырымына реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жобаны 2026 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
«Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 566 шақырым жолды 1-санатқа ауыстыру мәселесі бойынша «ҚазАвтоЖол» АҚ жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде. Қызылорда қаласында 4 млрд 700 млн теңгеге Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол асты автожолы, Арал қаласында құны 3 млрд 100 млн теңгеге, Жаңақорған кентінде құны 1 млрд 400 млн теңгеге теміржол үстінен өтетін аспалы көпір құрылыстары жүруде. Желтоқсан айында Қармақшы ауданы Жосалы кентінде де құны 5,5 млрд теңгені құрайтын осындай аспалы көпір құрылысы басталады», - деді аймақ басшысы.