Студенттер сарайында «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі мәресіне жетті. «Ақ жол» демократиялық партиясының дәстүрлі байқауы биыл 13-ші мәрте ұйымдастырылды. Сондай-ақ есеп беру-сайлау конференциясы өтіп, партияның облыстық филиалының төрағасы сайланды.
Байқаудың басты мақсаты қазақ қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын насихаттау. Әрі Алаш қайраткерлерінің мемлекеттік құрылым туралы идеялары, экономикалық және оқу-ағарту саласындағы көзқарасы мен бүгінге дейін өзектілігін саралау.
Байқау 4 номинация бойынша үш кезеңді қамтыды. Іріктеу кезеңіне 250-ден астам жұмыс түссе, оның 41-і екінші кезеңге өтіп, өз жұмыстарын қорғады. Сараптау комиссиясында белгілі ғалымдар мен алаштанушылар қазылық етті. Нәтижесінде түрлі номинация бойынша 14 қатысушы ақтық кезеңге жолдама алды.