Байқоңырда ауылшаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы Қазалы ауданының еңбеккерлері 40 тоннадан аса өнім жеткізіп, тауарды нарықтағы бағадан бірашама арзанырақ сатты.
Жұлдызды қалашық тұрғындары әр жәрмеңкені асыға күтеді. Қазалының жәрмеңкесінде сөреге ет-сүт, шұжық, балық өнімдері, күріш, ұн, көкөніс, жеміс-жидек, бал және тағы да басқа өнімдер қойылды. Соның ішінде Қазалының брендіне айналған кәмпитін алушылар көп болды.
ЖАНАР БЕРЖАНОВА – КӘСІПКЕР 00:28- «қазір мен 100 келі кәмпит алып келдім 100 коробка. 90 келі кәмпитті сатып болдым, 10 келі кәмпитім қалды. Бұл да өтіп кетеді қазір. Байқоңырдың халқына үлкен рақмет айтамыз».
Ал, бұл Қазалыда жасалған сабын мен ыдыс жуатын сұйықтық. Күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдерді шығарып жатқан қазалылық жас кәсіпкер Руслан Бөлекбаев.
РУСЛАН БӨЛЕКБАЕВ - КӘСІПКЕР «қара сабындарамыз барлық тері ауруларына емдік қасиеті бар. арнайы сертификатталған. Қазір Германия, Израиль елдерімен келісім-шартқа отырып жатырмыз. Халықтың сұранысы жақсы».
Жәрмеңкеге бас-аяғы 25 автокөлікпен 40 тоннадан аса өнім әкелінді.
САПАРБЕК ҚУАТОВ – ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «енді балық өнімдерін көбірек әкелдік 3,5 тоннадан аса. Қызылқұм, Тасарық, Сарыбұлақ ауылдық окургінен балық өнімдері әкелінді, сұранысы жақсы. Сондай-ақ Қазалының негізгі брендтері «Қазалы» конфеті, сабыны. Сосын «Рза» АҚ өнімдері және бақша өнімдерін әкеліп отырмыз. Нарықтағы бағадан 10 пайызға арзан».
Айта кетейік, бұл Байқоңыр қаласындағы биылғы жылдың соңғы жәрмеңкесі. Сондықтан тұрғындар қажетті өнімдерін молынан алып, қыс азығын қамдады.